Астанада Арқар көпірі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астанада Арқар көпірі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Арқар көпірі (М1) бойынша деформациялық тігісті жөндеу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 25-29 тамыз аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетін болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.