Астананың футболшылары мен баскетболшылары сайлауға қатысты

Астананың футболшылары мен баскетболшылары сайлауға қатысты

Елорданың «Astana Tigers» баскетбол командасы мен «Жеңіс» футбол клубының ойыншылары Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спортшылар қаланың сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасады.

Команда өкілдерінің айтуынша, белсенді азаматтық ұстаным тек спорт алаңында ғана емес, қоғам өмірінде де маңызды. Олардың пікірінше, дауыс беру – өз ұстанымыңды білдіріп, елдің болашағына өз үлесіңді қосудың бір жолы.