Құрылтай сайлауы: елордада алғашқы сайлаушылар өз учаскелерінде дауыс берді

Құрылтай сайлауы: елордада алғашқы сайлаушылар өз учаскелерінде дауыс берді

Астанада Құрылтай сайлауында алғашқы сайлаушылар дауыс беріп, сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сайлау учаскелерінде азаматтарды комиссия мүшелері қарсы алады. Құжаттары тексерілгеннен кейін, сайлаушыларға бюллетеньдер беріліп, олар дауыс беру кабиналарына өтеді. Учаскелерде алғаш болып дауыс берген азаматтарға естелік сыйлықтар табысталады.

Елордада дауыс беру үшін 517 сайлау учаскесі ашылды. Барлық санаттағы азаматтарға, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолайлы жағдай жасалған.
Астаналықтар өздерінің сайлау учаскесінің мекенжайын sailau.astana.kz веб-сервисі, @sailau_astana_bot Telegram-боты, 2GIS қосымшасы немесе 109 бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы біле алады.

Еске салайық, елордада 23 тамыз күні Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру – тегін.