
Астанада Жетіген көшесінің Алаш тасжолы мен А. Пушкин көшесі аралығында жол төсеміне маршруттық жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 21 тамыз сағат 21:00-ден 22 тамыз сағат 07:00-ге дейін; 22 тамыз сағат 21:00-ден 23 тамыз сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы толық шектеледі.
Жол жөндеу жұмысы көлік кептелістерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында түнгі уақытта жүргізіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.