
Астана циркінде ерекше балаларға арналған қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Балалар экскурсияға қатысып, атпен серуендеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара барысында балалар цирктің ішкі тыныс-тіршілігімен танысып, ерекше әсерде қалды. Бастаманың басты мақсаты – балаларды қуанту, оларға қолдау көрсету, қоғамға бейімделуіне көмектесу, сондай-ақ шабыт сыйлап, жағымды эмоцияларға бөлеу.
«Біз циркке 20 баланы алып келдік. Олар экскурсияға қатысып, цирк өмірімен танысты, өнер көрсету үшін арнайы үйретілген жануарларды көріп, көптеген жағымды әсер алды. Осындай қайырымдылық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біз мұны балалардың бақытты болашағына бастайтын игі қадам деп санаймыз», – деді «Бақытты Шаңырақ» қорының өкілі Марина Ахмедшина.