«Таза толқын»: Астанада «Жасыл елдің» жүзден астам сарбазы тазалық акциясына қатысты

«Таза толқын»: Астанада «Жасыл елдің» жүзден астам сарбазы тазалық акциясына қатысты

Астанада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясында «Таза толқын» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Оған «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жүзден астам сарбазы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экологиялық шараны Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласы Полиция департаменті және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы бірлесіп ұйымдастырды.

Акцияға қатысушылар елорданың Сарайшық ауданындағы Есіл өзенінің жағалауы мен су маңын қоқыстан тазартты.

«Бүгін жастармен бірге «Таза Қазақстан» жобасының «Таза жағалау» акциясы аясында Есіл өзенінің жағасына шығып, айналаны ретке келтірдік.

Жастардың белсенділігіне, ынта-жігеріне, өз қаласын таза ұстауға деген ниетіне қуанып отырмыз. Дегенмен, елорда тұрғындары мен қонақтарына тазалықты сақтаудың қарапайым қағидасын еске салғым келеді: тазалықты біреу жинайтын жерде емес, ешкім қоқыс тастамайтын жерде сақтаған дұрыс. Белгіленбеген орындарға қоқыс тастау – заң талаптарын бұзу. Ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», – деді Астана қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Өмірбаев.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge  @TazaQazaqstan