
Жетісудан келген 30 креатордың өнімдері мен жобалары елордада өткен «Creative Aimaq» жәрмеңкесінде көпшілік назарына ұсынылды. Екі күнде жәрмеңкеге 5 мың адам келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өңірден келген креаторлар ұлттық қолөнер, дизайн, өнер, гастрономия және заманауи технология бағыттарындағы өнімдері мен жобаларын таныстырды. Жәрмеңке барысында келушілер суретшілердің картиналарын, қолөнер бұйымдарын және басқа да авторлық өнімдерді сатып алды. Сонымен қатар креативті индустрия өкілдерімен алдағы ынтымақтастық жөнінде келісімдер жасалды.
Жәрмеңке мазмұнды мәдени бағдарламамен толықты. Nomad Style Show аясында Жетісу дизайнерлерінің авторлық топтамалары таныстырылды. Сондай-ақ М. Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті.
«Creative Aimaq» – ұлттық мұраны заманауи креативпен ұштастырып, өңір креаторларына өз жобаларын ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер беретін алаң.