
Астанада 23 тамыз күні, яғни Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, қоғамдық көлік тегін қатынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:
• Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
• қалалық бағдарларда;
• экспресс-бағдарларда;
• қала маңы бағдарларында.
Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.