
Астанада «Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралықта Алматы көшесі бойымен көлік тоннелін салу» жобасы аясында 15 тамыздан бастап осы жылдың соңына дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел данғылына дейінгі Алматы көшесінде көлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен қатар, Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің, Алматы көшесі мен Мәнгілік Ел даңғылының қиылыстары ашық болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру жолын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.