
Астанада 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңында 200-ге жуық жастың қатысуымен арнайы акция өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Акция барысында қатысушылар Қазақстанның Мемлекеттік туын жайып, алдағы сайлаудың күнін білдіретін «23» санын символикалық түрде бейнеледі.
Бастама жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға назар аударуға бағытталған.
Жастардың бұл іс-шараға белсенді қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін және елдің болашағы үшін саналы таңдау жасаудың маңызын түсінетінін көрсетті.