
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 15 тамыз – Спорт күніне орай «ALMATY RUN» жаппай жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және елорда тұрғындарын дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға тарту.
Жарыс Триатлон саябағында өтеді. Қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықты жүгіріп өтуі керек. Жарыс сағат 08:00-де басталады.
Жүгіруге қатысу тегін. Онлайн тіркеу 12 тамызда сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында ашылады. Қатысушылар саны 1700 адаммен шектеледі. Белгіленген межеге жеткеннен кейін тіркеу автоматты түрде жабылады.
Іс-шара өтетін 15 тамыз күні сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін тіркелген қатысушыларға жарыс басталатын жерде лотерея билеттері беріледі.
Жарыс алдында қатысушылар үшін танымал спортшының қатысуымен жалпы дене қыздыру жаттығуы өткізіледі. Ол желаяқтарға жарысқа дайындалып, дұрыс жүгіруіне мүмкіндік береді.
Спорт бағдарламасы аяқталған соң қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады.
«ALMATY RUN» жаппай жүгіру жарысы Астана әкімдігінің, елорданың Алматы ауданы әкімдігінің және қаланың Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізіледі.
#законипорядок #заңментәртіп