
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арқар көпірінде (М1) деформациялық тігісті жөндеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 11-17 тамыз аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетін болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.