Елорда спортшылары Абай күніне орай челлендж бастады

Елорда спортшылары Абай күніне орай челлендж бастады

Астанада Абай күніне орай спорт саласының өкілдері қатысқан арнайы тақырыптағы челлендж басталды. Бастамаға елорданың танымал спортшылары мен жаттықтырушылары қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқып, ұлы ақын әрі ойшылдың өздері ерекше ұнататын өлең жолдарын көпшілікке ұсынып жатыр.

Бастама Абайдың бай мұрасын кеңінен насихаттауға және көпшіліктің оның шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Еске салайық, 10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтіледі. Осы датаға орай елордада мәдени, білім беру және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

#АбайКүні #AbaiDay