«Заң мен тәртіп»: Comic Con Astana 2026 фестивалінің қонақтарына алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді

«Заң мен тәртіп»: Comic Con Astana 2026 фестивалінің қонақтарына алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді

Бүгін халықаралық Comic Con Astana 2026 фестивалі алаңында елордалық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен қала әкімдігі «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық акция өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Акция барысында келушілерге интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, жеке деректерді қорғау ережелері туралы түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

«Бүгін Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында профилактикалық акция өткізді. Іс-шара барысында азаматтармен интернет-алаяқтықтың ең көп таралған схемалары, жеке деректерді қорғау шаралары және қаржылық қылмыстардың алдын алу тәсілдері жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Сондай-ақ келушілерге киберқауіпсіздік талаптарын сақтау және алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша ұсынымдар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды», – деді Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі Дәулет Қазғұртов.

Comic Con Astana фестивалі жыл сайын мыңдаған жас пен жасөспірімнің басын қосады.

Осындай ірі жастар алаңдарында профилактикалық жұмыс жүргізу цифрлық ортадағы қауіпсіздік ережелерін ыңғайлы жағдайда түсіндіруге және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауатын арттырып, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

#заңментәртіп #законипорядок