Астанада көпқабатты үйдің ауласындағы шалшық суға шомылған екі тұрғын қамауға алынды

Астанада көпқабатты үйдің ауласындағы шалшық суға шомылған екі тұрғын қамауға алынды

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елорда полицейлері қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері тұрғын үй кешенінің ауласындағы жаңбыр суы жиналған шалшықта шомылып, алкоголь ішкен екі ер адамның видеосын анықтады. Бейнежазбадағы азаматтардың жеке басы анықталып, олар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ер адамдар алкогольдік ішімдік ішіп, шалшыққа түсіп шомылған, суды теуіп, жанында жүрген балаларға қарай шашқан.

Аталған факті бойынша Астана қаласының Полиция департаменті тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтады.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі азамат та ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен олардың біріне 25 тәулікке, екіншісіне 7 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Полиция қоғамдық орындарда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске салады.

Қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын кез келген әрекетке заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.

#законипорядок #заңментәртіп