
Биыл Астанада 16 мыңнан астам түлек мектеп бітірді. Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері жарияланғаннан кейін елордалық түлектер әлеуметтік желілерде қуаныштары мен әсерлерімен бөлісуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Биыл 16 мыңнан астам мектеп түлегінің ішінде 1 202 оқушы үздік аттестатқа, ал 650 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер болды.
Бүгін мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері белгілі болды. Грант иеленген түлектер әлеуметтік желілерде алған әсерлерін, қуаныштарын және байқау нәтижесіне қатысты алғашқы эмоцияларымен белсенді түрде бөлісуде.