
Астанада Ш. Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 7-13 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.