Елордадағы Сарайшық ауданында сауда павильондарының тазалығы, тәртібі және заң талаптарына сәйкестігі тексерілді

Елордадағы Сарайшық ауданында сауда павильондарының тазалығы, тәртібі және заң талаптарына сәйкестігі тексерілді

Елорданың Сарайшық ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бойынша орналастырылған сауда павильондарына тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мониторинг барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, оның ішінде эскиздік жобаларға сәйкестігі, абаттандыру жағдайы, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы, көші-қон заңнамасының сақталуы, нысандардың нысаналы мақсаты және бақылау-касса аппараттарының болуы тексерілді.

Іс-шараны аудан әкімінің аппараты, Төтенше жағдайлар басқармасы, аудандық Полиция басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, сондай-ақ «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметкерлері бірлесіп өткізді.

#законипорядок #заңментәртір