Елордадағы ТК тұрғындарымен қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға арналған профилактикалық кездесу өтті

Елордадағы ТК тұрғындарымен қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға арналған профилактикалық кездесу өтті

Елордадағы Қобыланды батыр көшесінде орналасқан «3 Гектара» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға арналған профилактикалық кездесу өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Алматы ауданы әкімінің аппараты, аудандық прокуратура және Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастырды.

Кездесу барысында балалар арасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша түсіндіру жүргізіп, тұрғындарға жаз мезгілінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

Мамандар ата-аналарға терезелерге арнайы шектеуіштер мен бекіткіштер орнатуды, тік желдету режимін пайдалануды, жиһазды терезе маңына қоймауды, масаға қарсы торлардың баланы терезе алдында ұстап тұра алмайтынын есте сақтауды, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмауды кеңес етті.