
Астанада Алаш тасжолында салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабындысын орнату жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жұмыс учаскесінің ұзындығы – 400 метр. Осыған байланысты, 5-25 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Бұл ретте көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.