Астанада Тәртіпбек танымал селфи-трендтің кейіпкеріне айналды

Астанада Тәртіпбек танымал селфи-трендтің кейіпкеріне айналды

«Заң мен тәртіп» қағидатыныңмаскоты Тәртіпбек Астанадағы балабақшалардың біріне барып, тәрбиеленушілермен бірге танымал селфи-трендке қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында балалар Тәртіпбекпен бірге ерекше ықыласпен суретке түсті. Трендтің басты ерекшелігі – кейіпкердің кадрдың артқы жағынан күтпеген жерден көрінуі. Мұндай фотолар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.

Іс-шара ерекше жылы сәтте өтті. Ойын түрінде балаларға бір-біріне құрметпен қараудың, мейірімді болудың және тәртіп ережелерін сақтаудың маңызы түсіндірілді.

Тәртіпбек «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттауға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қалалық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келеді.

#законипорядок #заңментәртіп