«Заң мен тәртіп»: Астанада тұрғындар арасында зияткерлік ойындардан турнир өтті

«Заң мен тәртіп»: Астанада тұрғындар арасында зияткерлік ойындардан турнир өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Астана – есірткісіз қала» профилактикалық науқаны аясында елорданың Алматы ауданындағы Теміржолшылар тұрғын алабында шахматтан, дойбы мен тоғызқұмалақтан спорттық-зияткерлік турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге ауданның балалары, жастары және ересек тұрғындары қатысып, зияткерлік ойындардағы шеберліктерін сынға салды.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындардың зияткерлік әлеуетін дамыту және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, мұндай жарыстар тұрғындардың заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға, есірткі тұтынудың алдын алуға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға ықпал етеді.

#законипорядок #заңментәртіп