Елордалық шахматшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Елордалық шахматшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Болгарияның София қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан 4th IBSA World Individual Chess Championship әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде елордалық спортшы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дүбірлі додаға 8 мемлекеттен 30-ға жуық спортшы қатысып, әлемнің үздіктері өзара бақ сынады.

Аталған әлем чемпионатында Астана қаласының спортшысы Нұрғиса Қуанышұлы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.