Аулалардағы азаматтарды қабылдау: Астанада тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары түсіндірілді

Аулалардағы азаматтарды қабылдау: Астанада тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары түсіндірілді

20-26 шілде аралығында өтіп жатқан «Аулалардағы азаматтарды қабылдау» республикалық акциясы аясында елорданың Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жүргізілді. Атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың алдын алу, бөтеннің мүлкін ұрлауға жол бермеу, балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу, сондай-ақ тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке және ортақ мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға қатысты сақтық таныту, сондай-ақ жеке қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ұсыныстар берілді.

Кездесу соңында полиция қызметкерлері тұрғындардың барлық сұрағына жауап беріп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажетті түсіндірмелер ұсынды.