
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтық мемлекет және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау» тақырыбында ақпараттық сессия өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ақпараттық сессияға белсенді жастар, студенттер, волонтерлер, үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
«Ақпараттық сессияның мақсаты әлеуметтік қолдаудың өзекті тетіктерін және қолжетімді қалалық ортаны қалыптастыру мәселелерін талқылау болды. Сонымен қатар спорт және қоғамдық бастамалар арқылы азаматтарды оңалту және қоғамға интеграциялау мәселелері қарастырылды. Алға қойылған мақсатқа қол жеткіздік деп ойлаймын. Іс-шара барысында спикерлер маңызды сұрақтарға толық жауап берді. Мүгедектігі бар адамдар үшін барлық қажетті жағдай жасалуы тиіс деп есептеймін», — деді Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Тәңірбергенова.
#законипорядок #заңментәртіп