Астанада нөсер жауынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Астанада нөсер жауынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Нөсер жауынға байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Қаланың нөсер кәріз жүйесі мен тазарту құрылыстары жауын-шашынның көп мөлшерін қабылдап, қалыпты жұмыс істеп тұр.

Жекелеген учаскелерде уақытша су жиналу жағдайлары тіркеліп отыр. Жауын-шашын бір мезетте көп мөлшерде жауған кезде нөсер кәріз жүйесі жиналған суды орта есеппен 40 минуттан 1 сағатқа дейінгі аралықта толық қабылдайды.

Сонымен қатар коммуналдық қызметтер тұрақты түрде кәріз коллекторлары мен жаңбыр суын қабылдау құдықтарын тазалау, құбырларды бумен шаю, нөсер кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу және басқа да жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді.