
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамыз күні өтеді. Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін онлайн біле алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Сайлау учаскесі туралы мәліметті нақты уақыт режимінде келесі тәсілдер арқылы білуге болады:
• Ресми веб-сервис арқылы: https://sailau.astana.kz/
• Telegram чат-боты арқылы: https://t.me/sailau_astana_bot
• iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі арқылы.
Азаматты белгілі бір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізудің негізі оның сол сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі болып саналады.