Астана – Қарағанды жолын жөндеу жұмысы шілденің соңына дейін ұзарды

Астана – Қарағанды жолын жөндеу жұмысы шілденің соңына дейін ұзарды

Астана – Қарағанды автожолында орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты аталған жұмыс осы жылдың шілде айының соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы учаскеде кептелістердің алдын алу үшін балама бағыттармен қатынаған жөн:
• көлік айрығынан оңға қарай айналма жолмен Ақжол көшесіне немесе Алаш тас жолына дейін;
• көлік айрығынан солға қарай айналма жолмен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.