
Астанада Н. Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі аралығындағы жол төсеміне жөндеу жүргізілуіне байланысты, 22-26 шілде аралығында аталған көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қалаға кіру бұрынғы тәртіппен жүзеге асырылады. Ал қаладан шығу уақытша жол қозғалысы сызбасына сәйкес ұйымдастырылады.
Жүргізушілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтағаны жөн.