
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елорданың Алматы ауданы прокуратурасы Ішкі істер министрлігі, аудан әкімдігі және Астана қаласының Білім басқармасы бірлесіп, Оқушылар сарайының ұжымы мен тәрбиеленушілеріне арналған профилактикалық кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу барысында қатысушыларға есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың салдары, олар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысының алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, интернет-алаяқтықтан сақтану, балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу және жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді.
Іс-шараның тәжірибелік бөлігінде Полиция департаментінің кинологиялық қызметі көрсетілім ұйымдастырып, қызметтік иттердің тыйым салынған заттарды анықтау мүмкіндіктерін көрсетті.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, олардың жеке қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Өйткені құқық бұзушылықтың ең тиімді алдын алу жолы – білім, дер кезінде ескерту және дұрыс таңдау жасау.
#законипорядок #заңментәртіп