
«Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елордадағы «Жерұйық» саябағында кезекті профилактикалық рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, аудан әкімдігінің өкілдері және өзге де уәкілетті қызметтердің мамандары қатысты.
Рейдтің негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоғамдық орындардың ластануының алдын алу.
Рейдке қатысушылар демалушыларға түсіндіру жүргізіп, тазалықты сақтау, демалыстан кейін тұрмыстық қалдықтарды қалдырмау және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау қажеттігін еске салды.
Сондай-ақ тұрғындарға ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде ақпарат берілді.
«Мұндай профилактикалық рейдтердің басты мақсаты – тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыру. Барша азаматты саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерде тазалық сақтауға шақырамыз.
Өйткені ауданымыздың жайлылығы мен көркеюі әрқайсымызға байланысты. Осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады», – деді Алматы ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алтынай Мұсаева.
Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясындағы профилактикалық рейдтер Астананың барлық алты ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді.
#законипорядок #заңментәртіп