
Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралықта Төле би көшесін салу» жобасы аясында жол жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты .
Осыған байланысты 16 шілде - 20 тамыз аралығында Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.
Бұл кезеңде жүргізушілер келесі бағыттарды пайдалана алады:
- Тұран даңғылынан Е54 көшесі арқылы Төле би көшесіне дейін;
- Ұлы Дала даңғылынан жергілікті жол арқылы Төле би көшесіне дейін.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы кезінде уақытша өзгерістерді ескерулері сұралады.