Астана күні: елорданың тұрғын алаптарында мерекелік концерттер өтеді

Астана күні: елорданың тұрғын алаптарында мерекелік концерттер өтеді

Астана күніне орай 6 шілде күні елорданың барлық алты ауданының тұрғын алаптарында танымал эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сағат 11:00-ден бастап мерекелік концерттер Байқоңыр ауданындағы Өндіріс және Кірпішті тұрғын алаптарында, Есіл ауданындағы Пригородный тұрғын алабында, Нұра ауданындағы «Айғыржал» саябағында, Сарайшық ауданындағы «Промышленный» тұрғын алабында және Сарыарқа ауданындағы «Қорғалжын» саябағында өтеді.

Сағат 14:00-ден бастап мерекелік концерттік бағдарлама Алматы ауданындағы Теміржолшылар тұрғын алабында және «Жерұйық» саябағында, Есіл ауданындағы Бабатай тұрғын алабында, Нұра ауданындағы «Жағалау» саябағында, Сарайшық ауданындағы «Отау» шағын ауданында және Сарыарқа ауданындағы Қалалық алаңда жалғасады.