Астанада Сауран көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астанада Сауран көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астанада Сауран көшесінің Алматы көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлігі жөндеу жұмысына байланысты толықтай жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Инженерлік желілерді салу жұмысы 30 шілдеге дейін жалғасады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.