
Астанада 1-7 шілде аралығында Республика күніне және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай Bereke Fest республикалық акциясы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бір апта бойы елорда тұрғындары мен қонақтары қаланың ірі сауда желілерінен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды арнайы бағада сатып ала алады.
Акция мерекелік іс-шаралардың бір бөлігіне айналып, қала тұрғындарына Астана күні қарсаңында тиімді сауда жасауға мүмкіндік береді.
Акцияға SMALL, Фермаг, Астықжан, Metro, Greenwich, Magnum, Вкус Март және Анвар сауда желілері қатысады. Сатып алушыларға ет және сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, сусындар, көкөністер мен жемістер, күнделікті тұтынатын тауарлар, сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын өнімдердің кең таңдауы ұсынылады.
Bereke Fest акциясының мақсаты – халыққа тауарлардың қолжетімділігін арттыру, заманауи сауда жүйесін дамыту және тұрғындарға жайлы сауда жасауға қолайлы жағдай қалыптастыру. Акция ірі сауда желілері мен сатып алушыларды бір алаңға тоғыстырып, түрлі өнімді қолайлы бағада сатып алуға мүмкіндік береді.