Елордалық шахматшы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Елордалық шахматшы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Астаналық 15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Италияның Монтесильвано қаласында өткен FIDE World Youth Chess Championships 2026 турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2026 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына U14, U16 және U18 жас санаттары бойынша 85 ел мен аумақтан келген 742 жас шахматшы қатысты.
Қазақстан атынан жарысқа 35 спортшыдан құралған делегация қатысты.

Еліміздің құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені классикалық шахматтан Қазақстанның қазіргі ерлер чемпионы Сауат Нұрғалиев көрсетті. Ол U16 жас санатында 8,5 ұпай жинап, 152 қатысушының арасында үшінші орынға ие болды.