Астанада А. Бараев көшесі мен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада А. Бараев көшесі мен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада орташа жол жөндеу аясында А. Бараев көшесі мен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында, Асан Қайғы көшесінен бастап жол жұмысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 20-21 маусым аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.