
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Байқоңыр ауданының прокуратурасы «Судағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі» атты профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараның мақсаты – судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтар мен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікті күшейту.
Іс-шара барысында судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері және шомылу кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суда құтқару құралдарын пайдалану жолдарын және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетті.
Қалалық жағажайда өткен іс-шараға шамамен 200 адам қатысты, олардың қатарында спортшылар, жүзуден әуесқойлар және елорда тұрғындары болды.
Осындай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді.