«Infinite Chess Cup 2026»: астаналық шахматшылар үздіктер қатарынан көрінді

«Infinite Chess Cup 2026»: астаналық шахматшылар үздіктер қатарынан көрінді

Астана қаласында ерік-жігерді, зейінді және стратегиялық ойлауды ұштастырған ерекше жарыс – «Infinite Chess Cup 2026» инклюзивті шахмат турнирі сәтті аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті зақымдалған шахматшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде 50-ге жуық спортшы бақ сынады.

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубының» шахматшылары үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Райымбек Асқарұлы алтын медаль иегері атанды. Сұлтан Кожахметов 2-орынға тұрақтаса, Арман Абданбеков қола медаль иегері атанды.

Сонымен қатар турнир аясында арнайы номинациялар бойынша клуб спортшылары марапатталды. Майраш Тоқыбаева «Ең тәжірибелі қатысушы» атанса, Любовь Ермишкина «Турнир үміті» номинациясына ие болды.

Сондай-ақ клубтың өзге де спортшылары жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі орындарға жақын нәтижелерге қол жеткізді:
• Камалидин Оспанов – 6-орын;
• Бақтияр Ахметов – 7-орын;
• Алиас Шайымов – 10-орын.

Айта кетейік, жарыс қорытындылары халықаралық FIDE рейтингіне есептеледі.