Астанада Қорғалжын тасжолының бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада Қорғалжын тасжолының бір бөлігі уақытша жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тасжолының Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл жұмыс мердігер ұйымның қаражаты есебінен кепілдік міндеттемелер аясында жүргізіледі.

Осыған байланысты, 7 маусым күні жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады.

Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да орындалады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.