
Астанада 2026 жылғы 5 маусым мен 15 тамыз аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан «Астана жұлдызы» монументіне жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жұмыс тарихи-мәдени мұраны сақтау және нысанның тиісті жай-күйін сақтау мақсатында жоспарланған.