Астаналық спортшы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Астаналық спортшы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Астана қаласының спортшысы Айбота Ертайқызы жекелей сындағы көпсайыс бәсекесінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отандасымыз көпсайыста жалпы 113.65 ұпай жинады. Атап айтсақ, шығыршықпен жаттығуда 28.50, доппен 27.45, ұршықпен сайыста 28.70, таспамен жарыста 29 ұпай нәтижені көрсетті. Осы бағдарламада өзбекстандық Тахмина Икромова (115.10) жеңімпаз атанса, тағы бір өзбекстандық Наталья Усова (112.40) қола медальға қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Айбота былтыр Сингапурда өткен сары құрлық додасында таспа сайысында чемпион, ал көпсайыста қола жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ бұл дода күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады.