Астанада бірнеше көше жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Астанада бірнеше көше жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Астанада 15 мамыр күні сағат 21:00-ден 16 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін Р. Қошқарбаев пен С. Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы толықтай жабылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен қатар, 15-17 мамыр аралығында келесі учаскелерде маршруттық жөндеу жұмысы жүргізіліп, қозғалыс ішінара шектеледі:
• Р. Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан Қордай көшесіне дейінгі аралығы;
• Р. Қошқарбаев даңғылының Ақжол көшесі жағынан Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі кіреберісі.