
Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында Астана қаласының спортшысы Сабыржан Сағым алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аса ауыр салмақта (80+ кг) сынға түскен елордалық былғары қолғап шебері финалда ирандық Мұхаммедясин Заирмен қолғап түйістіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша, Сабыржан Сағым Азия чемпионатының алтын медалін иеленіп, Қазақстан қоржынына тағы бір жеңіс сыйлады.