
«Тәуелсіздік даңғылын (Әл-Фараби) жалғастыру құрылысы» жобасын іске асыру аясында 25 мамырдан бастап жылдың соңына дейін Әл-Фараби даңғылы мен Ф. Оңғарсынова көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көлік құралдарының бұрылуы Әл-Фараби даңғылы бойымен, сондай-ақ Ф. Оңғарсынова көшесі бойымен аталған қиылысына дейін орындалады.
Бұдан бөлек, осы жылдың 14 мамырынан бастап Әл-Фараби даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында қозғалыс уақытша жабылады.
Бұл учаске құрылыс аймағы болып саналады және қазіргі уақытта асфальт төсемі жоқ, сондықтан көлік қозғалысы қарқыны төмен. Осыған байланысты көлік құралдарының бұрылуы да аталған қиылысына дейін ұйымдастырылады. Жүк көліктерінің өтуі қамтамасыз етіледі, алайда жұмыстардың жекелеген кезеңдерінде оның уақытша шектелуі мүмкін.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды қолдануды сұраймыз.