
Астанада С. Шаймерденов көшесінің Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі аралығындағы жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен қатар Ж. Нәжімеденов/С. Шаймерденов және А. Байтұрсынұлы/С. Шаймерденов көшелерінің қиылыстарында қозғалыс ішінара шектеледі.
Осыған байланысты, 13-14 мамыр күндері аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Жұмыс Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне қарай бағытта жолдың бір жағымен жүргізіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.