Астанада Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 8-25 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының Қарталы көшесінен Баршын көшесіне дейінгі аралығында орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.