Отан қорғаушылар күні: елордалық саябақта мерекелік концерт өтті

Отан қорғаушылар күні: елордалық саябақта мерекелік концерт өтті

Елордадағы Жетісу саябағы аумағында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты іс-шара патриоттық рухты нығайтуға, әскери қызметке деген құрметті арттыруға және ел қорғаушыларын ұлықтауға бағытталды.

Концерттік бағдарлама аясында елорда тұрғындары мен қонақтарының, жастар мен әскери қызметшілердің алдында шығармашылық ұжымдар мен вокалистер өнер көрсетті. Сахнада ерлікке, борышқа және Отанға деген сүйіспеншілікке арналған патриоттық әндер шырқалды.

Мұндай іс-шараларды өткізу патриоттық құндылықтарды нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және Отан қорғаушыларына деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.