
«Астана Арена» стадионы алаңында 7 мамыр –
Отан қорғаушылар күніне орай Open Air форматында мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қонақтардың ыңғайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шара кезінде стадион маңында – «Алау» мұз сарайы және «Сарыарқа» велотрегі тұсынан көлік қозғалысы шектеледі.
Көлік қозғалысы таңғы сағат 9:00-ден іс-шара аяқталғанға дейін шектеледі.
Жүргізушілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал кептелістерді ескеруі қажет.