Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада 9-10 мамыр күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды тиімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара 9-10 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығы аумағында өтеді.

Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды.